Алматыны тамсандырған таланттар

Алматы қаласында жас өнерпаздар арасында «Сазды ән мен жыр-дастан» атты республикалық қазақ ақын-композиторларының шығармашылығынан ән-жыр байқауы өткізіліп, оған индерлік өрендер қатысып қайтты.

Байқау аясында 100-ден аса қатысушы Шәмші Қалдаяқов пен Әсет Бейсеуовтың әндерін орындап, өз өнерлерін көрсетті.

Индер балалар өнер мектебінің кіші топ бойынша вокал класының 3 сынып оқушысы Нұрдаулет Өтеп Ш.Қалдаяқовтың «Құшақ жайған қандай адам?» әнімен бас жүлдеге ие болса, орта топ бойынша вокал класының 3 сынып оқушысы Мөлдір Амангелдіқызы да осы әнмен ІІ орын, вокал класының 5 сынып оқушылары Сәлімгерей Перизат Ш.Қалдаяқовтың «Қайдасың?» әнімен І орын, Мадина Төкен Ә.Бейсеуовтің «Туған өлке» әнімен ІІ орын, Әсем Қанатқалиева Ә.Бейсеуовтің «Анашым» әнімен ІІІ орынға қол жеткізді.

Жас таланттарды байқауға дайындаған вокал сыныбының мұғалімі Ерболат Кәрімов қуанышты жаңалықты сүйіншілей жеткізіп, шәкірттерінің әлі де талай белестерді бағындыратынын қуана айтты.

– Дайындық бір ай бұрын басталды. Қай шәкіртті де дайындағанда соңғы орын алсын деп емес, бәріне үміт артамыз. Қанжығамыз майланып, көңіліміз жайланып қайттық.

Алдағы күндері Атырау қаласында Құрманғазының 200 жылдығына арналған байқау өтеді. Соған дайындықты бастаймыз, - деді ол бізбен әңгімесінде.

Ендеше, жас өрендерге алдағы бәйгелерде де оза шабуына тілекшіміз.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT