14 наурыз — Көрісу күні

Бүгін қазақ халқының ежелден келе жатқан мерекесі - көрісу күні.

Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.

Көрісу — адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.

Бұл күні жасы кішілер қала-ауылдағы ақсақал-әжелерінің үйіне барып, көрісіп, ілтипат білдіреді. Жасы үлкендер кішілерге бата береді.

Сондай-ақ, үлкендер қол алысып, алақандарын айқастырып жатса, әйел адамдар алдымен оң иығын, сосын сол иығын түйістіреді.

Тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиевтің айтуынша, бұл – өскелең ұрпақты ізет пен мейірімге, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістердің бірі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT