banner_damu

Вакцина ана мен нәрестені коронавирустан қорғай алады

Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин жүкті әйелдердің коронавирус инфекциясынан қалай қорғануға болатындығы туралы айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Әйел адам жүктілікті коронавирустан қорғалған жағдайда жоспарлауы керек. Жұқпалы инфекциядан сақтану үшін адамзат вакцинадан тиімді ештеңе ойлап тапқан жоқ. Вакцина алғаннан соң, әйел адам арада 3-4 апта өткеннен кейін жүктілікке қадам жасай алады. Вакцина алу арқылы аналар жатырдағы сәбиде де антидененің қалыптасуына ықпал етеді. Жалпы, отбасын жоспарлау кезінде әкесі де, шешесі де, айналасындағылар да вакцина алуы керек », - деді дәрігер.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, сондай -ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін Pfizer вакцинасын Қазақстанға әкелу жоспарланғанын хабарлаған болатын. Вакцина 2021 жылдың соңына дейін елге жеткізіледі деп күтілуде.

«Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы аталған вакцинаны аймақтарға жеткізу бойынша логистикалық мәселелер жағы шешілуде. Яғни, Pfizer жақын арада әкелінеді, - деді А.Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика