Тәртіпті сақта - ол сенің жақындарың мен халқың үшін маңызды

Денсаулық – біздің ең басты асыл байлығымыз. Оны жоғалтсаң ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың.

Қазір дүние жүзі бойынша адам баласының өміріне қауіп төндіріп, аждаһаша жалмап жатқан ауру – короновирус. Ал одан сақтанудың жолын Президентімізден бастап айтып, аман қалудың амалын жасап жатыр. Міне, бүгінде еліміздегі аурумен күресу шаралары арқасында халқымыз біртіндеп аурудан айығып келеді. Алайда бұған босаңсымай талапты сақтай беруіміз қажет.

Енді одан сақтанудың жолын айтар болсам;

- егер сөйлесу қашықтығы 2 метрден кем болса, адамнан адамға;

- егер науқас адам түшкірсе немесе жөтелсе сілекей тамшылары арқылы;

- қолын көзіне мұрынына немесе аузына тигізсе;- ең сенімді қорғаныс вируспен жанаспау;

Міне сондықтан да көшеде, қоғамдық орындарда бетперде киіп жүру, адамдар бір-біріне арақашықтықта жақындамау, жиын, той, садақа деген халықтың көп жиналатын жерлеріне бармау өте маңызды. Өзіңнің, жақындарыңның, қазақ деген аз ғана халықтың осы дерттен аман-сау өтуін шын жүрегіңмен қалайтын болсаң карантин шарттарын сақта, мүмкіндігінше үйіңнен шықпа. Бұл сен үшін ғана емес сенің жақындарың мен халқың үшін маңызды екенін естен шығарма.

Ел болып жұдырықтай жұмылып, жақсы тамақтанып, аурудың белгілері байқалса, өз бетімізше ем дом қолданып қазақшылыққа салынып үйде жатып қалмай дәрігерлерден кеңес алып, аман қалуды ойлайық. Біз не көрмеген қазақтың ұрпағымыз, ең бастысы айтылып жатқан ескертулер мен кеңестерге құлақ ассақ, бұл қиындықты да жеңеміз.

Сағира АСАНОВА

Индер ауданы

Ынтымақ ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT