Qoldau 24/7» қосымшасымен емхана таңдау құқығын біле аласыз

Емханаға өз еркімен тіркелу құқығы жылына бір рет қана беріледі. Тіркелу туралы толық ақпаратты​ телефонға «Qoldau 24/7» қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. ⠀

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Президенттің тікелей тапсырмасымен ағымдағы жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларында МӘМС қорына жарна төлеуден босатылған шағын және орта кәсіпкерліктің 29 санатына жататын кәсіпкерлер​ медицина қызметін тегін пайдалана алады. Кәсіпорын басшылары ол үшін өз қызметкерлерінің тізімін электронды форматта әр айдың​ 25-інен кешіктірмей ұсынуы тиіс. ​ Өткен жылы тіркелген емханадан ауысқысы келмейтін тұрғындарға ешқайда барудың қажеті жоқ. Олар сол емханада автоматты түрде тіркеліп тұрады. Түсінбеген сауалдарын смартфонға «Qoldau 24/7» қосымшасын жүктеп алу арқылы немесе 1406 нөміріне электронды жазба жіберу арқылы қалдыруға болады» - деді Сәбит Құралбек. ⠀

Айта кетейік, ​ ел азаматтарының өз таңдауымен емханаға тіркелу мерзімі жыл сайын​ 15 қыркүйек пен 15 қараша айы аралығында өтеді.

Сурет: ашық дереккөз

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика