Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында коронавирус кіруі мүмкін

Жандарбек Бекшин қазіргі жағдайда коронавирус Қазақстанға бір-екі аптаның ішінде кіруі мүмкін екенін атап өтті. Бас санитар Жандарбек Бекшин коронавирустың Қазақстанға қашан кіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Біздің болжамымызға сәйкес, 11-16 наурыз аралығында бізде коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана, бір апта ары, бір апта бері, коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы шаралар қолға алынады. Енді ол болжам орындалмасын деп тілейік”, – деді Бекшин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің жанында арнайы топ бар. Оған кіретін мамандар коронавирустың келу уақытына болжам жасайды. Қазіргі жағдайда осы індет Қазақстанға бір-екі аптаның ішінде кіруі мүмкін.

“Өзіңіз көріп отырсыздар, қазіргі кезде коронавирустың шеңбері қысып жатыр. Бас кезінде Қытай ғана болды. Одан кейін Оңтүстік Корея, Иран, енді Еуропа қосылды. Былай қарасаң, бізді коронавирус жан-жақтан қоршап алды. Басында біз ауруды кіргізбеуге тырыстық. Ендігі мақсатымыз – ол індеттің таралуына жол бермеу. Біз вирустың кірмейтініне кепілдік бере алмаймыз. Себебі вирус жануар емес, оны бір жерге қамап ұстай алмайсың”, – деп түйіндеді Бекшин.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика