Өткен тәулікте облыста ПТР тест арқылы 25 науқас анықталған

Атырау облысында өткен тәулікте 25 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 16 жұмысшыдан, Индер ауданынан бір адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың бесеуінде ауру симптомды түрде өтіп жатыр. Өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 120 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 34 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 7, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 86 адам ем қабылдауда.

stopcoronavirus.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521