Бұл жөнінде Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб хабарлайды.
Теңіз кенішінде Covid-19 індетінің тағы 7 жағдайы тіркелді. Штаб мәліметінше, жеті науқас та - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, олар 1975, 1991, 1987, 1987, 1988, 1991 жылы туған ер адамдар. Covid-19 анықталғанға дейін, науқастардың барлығы бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан.
Жұмысшылардан сынама алынып, нәтижесінде олардың да инфекция жұқтырғаны анықталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 263 адамға жетті. Ал, қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны - 84.