Өңірде 900-ге жуық медицина қызметкері вакцина қабылдады

1-9 ақпан аралығында Атырау облысында коронавирустық инфекциядан 873 медицина қызметкері екпе салдырды, деп хабарлайды ATPress.kz

- 9 күн ішінде облыста 873 медицина қызметкері, оның ішінде 300-ге жуық аудандық емхана қызметкерлері егілді. Вакцина қабылдаған медицина қызметкерлері жақсы жағдайда. Вакцинациядан кейін ауруханаға түсу жағдайлары тіркелген жоқ, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.

Айта кетейік, бұған дейін аймаққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 1000 дозасы әкелінген болатын. Облыс бойынша барлығы 24 вакцинация пункті ашылды.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT