Облыс басшысы 18 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады

«10 қараша күні Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына жаңадан келген 18 жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты жағдайда табыстады» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Өңір халқының медициналық шақыртуларын уақытылы жүзеге асыру үшін өңірде барлығы 75 автөлік қызмет атқарып келеді. Енді міне, олардың қатары 18 жаңа автокөлікпен толығып отыр. Осы арқылы облыстың жедел жәрдем көлікпен қамтылу деңгейі 100 пайызға жетті» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

img-20201111-wa0006

Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

img-20201111-wa0005

Медициналық жедел жәрдем көліктері «ҚДБ-Лизинг» есебінен алынды. Көліктердің 8-і аудандық емдеу мекемелеріне жіберіледі, қалған 10 автокөлік Атырау қаласы тұрғындарының жедел жәрдем шақыртуларына бөлінеді деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта облыста барлығы 93 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 46-сы биылғы жылы әкелініп отыр.

img-20201111-wa0008

Бүгінгі күні Атыраудың жедел жәрдем станциясы 100 пайызға автокөліктермен толықты. Ал, станциядағы жедел жәрдем көліктерінің 70 пайызы жаңарған.

Айта кетейік, ескі деген медициналық көліктер осыдан 2-3 жыл бұрын келген. Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика