Облысқа 220 миллион теңгені құрайтын дәрілер жеткізілді

Атырауда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына дәрілік заттар жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте мәлімдеді. Бүгінде облыс көлемінде 314 дәріхана бар. Оның 223-і облыс орталығында орналасқан. Соңғы аптадағы дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу үшін СК-Фармация арқылы стационарларға және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бірқатар медициналық препараттар әкелінуде.

- Менің тапсырмама сәйкес, қалалық әкімдіктің көмегімен күні кеше облысқа 220 миллион теңгені құрайтын дәрілердің 430 түрі шұғыл жеткізілді. Олардың арасында қазіргі кезде ең қажетті деген азитромицин, цефазолин, цефтриаксон сынды антибиотиктер мен ыстықты түсіретін дәрілер мен дәрумендер бар. Бұл препараттар партиясы облыс халқының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қала ғана емес, аудандардың да дәріханаларына түгел таратылып берілді. Апта соңында тағы осындай көлемде дәрі-дәрмектер жеткізіліп, қажетті дәрілердің белгілі деңгейде қоры болады. Cондай-ақ, кәсіпкерлерді тарта отырып алдырғалы отырған препараттарды әлеуметтік жағдайы төмен топтарға поликлиникалар арқылы таратуды да ойластырып отырмыз, - деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521