Қызылша дендеп барады

      Атырау облысында 2023 жылдың 2 наурыз – 22 желтоқсан аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 5724  жағдай тіркелді (Атырау қаласында – 5047 жағдай, Жылыой ауданында – 163 жағдай, Исатай ауданында -86 жағдай, Құрманғазы ауданында- 135 жағдай, Махамбет ауданында – 93 жағдай, Қызылқоға ауданында-75 жағдай, Индер ауданында-43 жағдай, Мақат ауданында – 82 жағдай).

     Олардың ішінде:

-                       1580  жағдайда қызылша зертханалық жолмен дәлелденді (басқа ел мен облыстан әкелінгені – 8: Түркия-3, Тәжікстан-2, Біріккен Араб Әмірлігінен – 1,  Алматы қ.-1, Астана қ.-1; жергілікті - 1578);

-                       1666 жағдайда зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді;

-                       2478  жағдайда зерттеу қорытындысы жұмыс барысында.   

                           

 

Атырау облысында қызылша аурушылығының соңғы көп тіркелген жағдайы 2019 жылы тіркелді (774 жағдай).

 

 

Соңғы екі жылдың қорытындысымен облыста қызылша аурушылығы тіркелген жоқ (2021-2022ж.ж.).

 

 

Аталған жағдай вакцинопрофилактиканың аталған аурумен күресудің жалғыз және нәтижелі шарасы екеніне дәлел болып отыр.

 

 

Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразиялық контингенттің орталығында орналасқан, халықтың белсенді көшіп – қонуы жағдайында әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуына алғышарттар бар.

 

Ауру ауа - тамшы жолмен таралады, вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілемей арқылы таралады.

 

Аурудың негізгі белгілері - дене қызуының 38-40°С дейін жоғарлауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, түшкіру, бастың ауырсынуы, қабақтың ісінуі және конъюктиванын қызаруы, жұтқыншақтын ісінуі,  денеде бөртпелердің пайда болуы (бөртпелер кезектесіп шығады және бірігіп кетуге биім болады).                                                              

Көбіне қызылша ауруынан көз жұмудың себебі аурудың асқынуымен байланысты болады. Ең қауіпті асқынуларға көздің көрмей қалуы, энцефалит (мидың ісінуңне әкелетін инфекция), пневмония сияқты тыныс алу жолдарының инфекцияларын туындатуы мүмкін.

Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика.

Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

Әлия Бекешева,

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT