Өңірде халықты Covid-19-ға жаппай вакцинациялау жалғасуда

Вакциналардың толық кешенімен 114 мыңнан астам адам егілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірде халықты Covid-19-ға жаппай вакцинациялау жалғасуда. 10 тамыздағы мәліметтер бойынша, бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентін 1987 жергілікті тұрғын алды, II компонентпен 1320 адам егілді.

2021 жылғы 1 ақпан мен 10 тамыз аралығында барлығы Covid-19-ға қарсы вакциналарының I компонентімен 156 690 адам егілді. II компонентімен 114 070 жергілікті тұрғын егілді. Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді.

Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 - 02 - 92.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT