Индер ауданына жылжымалы медициналық кешен берілді

"Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов 5 жылжымалы диагностикалық медициналық зертхананың кілтін аудандардан келген емдеу мекемесі басшыларына табыстады" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Мобильді диагностикалық медициналық кешен Индер, Исатай, Қызылқоға Мақат және Махамбет аудандарына берілді. Бұған дейін жылжымалы зертхана Жылыой және Құрманғазы аудандарына жеткізілген болатын. Осылайша, облыстың жеті ауданы бірдей мобилді диагностикалық медициналық кешенмен қамтылды.

akimmmm

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, медициналық кешен барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.

- Медициналық кешен арқылы аудан тұрғындарының созылмалы инфекциялық емес ауруларын ерте анықтай аламыз. Көптеген қажетті профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында азаматтардың денсаулық жағдайын тереңдетіп тексеру үшін көшпелі жағдайда диагностикалық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кешен арнайы лифт-пандуспен жабдықталған және онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеке кіру есігі қарастырылған, - деді басқарма басшысы.

avtob

Медициналық кешеннің ерекшелігі - бір күнде 150 адам терапевт, кардиолог, хирург, эндокринолог, оториноларинголог, окулист, ультрадыбыстық зерттеу және рентген мамандарының қызметіне жүгіне алады. Кешеннің көмегімен алпыстан астам ауруға диагноз қоюға мүмкіндік бар.

zhylzhymaly

Айта кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатып алған 100 бірлік жылжымалы диагностикалық медициналық зертхананың бесеуі Атырау облысына бөлініп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521