Эпидемиологиялық паротит – негізінен құлақ маңы сілекей бездерінің қабынуынан болатын вирусты жұқпалы ауру.
Берілу жолы: Ол ағзаға тыныс алу жолдары арқылы енеді.
Аурудың белгілері:
- Ауру инфекция жұқтырғаннан соң 11-23 күннен кейін басталады.
- Ауру жедел түрде қызбамен, интоксикациямен басталады, сонымен бірге шайнау және аузын ашқан кезде ауырсыну болады.
- Құлақтың артында орташа ауырсыну пайда болады.
- Бір апта ішінде екінші бездің ісінуі пайда болады.
- Тіл асты бездің зақымдалуымен иек аймағында ауырсыну байқалады.
- Сілекей төмендеуі байқалады.
- Панкреатиттің дамуымен іштің ауырсынуы, диарея және құсу қосылады.
- Жасөспірімдер жиі көрініс – орхит: шаптың ауыруы.
Паротит асқынулары
- Ми қабығының қабынуы
- Ұйқы безінің қабынуы
- Құлақ аурулары (саңырауға дейін)
- Полиартрит
- Ұрық бездерінің атрофиясы. Екі жақты зақымданумен бедеулік дамуы мүмкін. Жыныстық жетілуден кейінгі жастағы жұқтырған ерлердің шамамен 20 % - ында орхит (тестикулярлық қабыну) дамиды, әдетте бір жақты, ауырсыну, сезімталдықтың жоғарылауы, ісіну, эритема.
Паротиттің алдын алу
Аурудың алдын алудың жалғыз жолы – вакцинациялау. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация 1 жасында және 6 жасында жүргізіледі.
Алтынгүл Бөкенбайқызы,
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары