Елімізде 39 баладан Кавасаки синдромы анықталды

Наурыз айынан бері республикада 2,5 мың бала COVID-19-бен ауырған. Қазіргі уақытта 39 баладан Кавасакиге ұқсас синдром анықталды.

Олардың 60%-і сауығып шықты, 40%-і емделіп жатыр. Бұл туралы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева айтты.

Синдромның клиникалық белгілері – дене қызуының 38 градустан жоғары көтерілуі, ол 24 сағатқа немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Сондай-ақ денеде бөртпелер пайда болады, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс жетіспеушілігі, ентігу, жүрек ауыруы, конъюнктивит, алақан мен табанның ісінуі. Маман мұндай кезде баланы үйден емдеуге тырыспай, дәрігердің көмегіне жүгіну керек екенін ескертті. Өйткені синдром ауыр өтеді, кейде тіпті қарқынды реанимациялық көмекті қажет етуі мүмкін. «Нағыз кавасаки ауруынан айырмашылығы – бұл синдром барлық жастағы балаларға, соның ішінде жасөспірімдерге, 21 жасқа дейінгі жастарға да әсер етеді», - деді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521