Екпесіз өскен баланың ертеңі не болады?

Қызылша — өте ауыр асқынулармен өтетін, әсіресе, 1 жасқа дейінгі балалар өмірі үшін қауіп төндіретін, вирустармен қоздырылатын жұқпалы ауру.

Қызылшаны дәл нақты себебіне қарай емдеу жолдары әлі анықталмаған, тек симптомдық ем тағайындалады. Қызылша ауруы адамнан-адамға ауа арқылы, яғни науқас тыныстаған ауамен сау адам демалғанда, науқас жөтелгенде, сөйлегенде жұғады. Әрине, ылғалды, тазаланған және күн сәулесі мен желдетуі жақсы орталарда вирус тез өліп қалады, бірақ науқаспен тығыз ортада болған балалар (ересектер) үшін қауіптілігі жоғары. Қызылша жұқпалы ауруына күдік туғанда, яғни дене температурасы кенеттен 39-40 градусқа жоғарылап, әлсіздік, бас ауруы, мұрыннан су ағу, жөтел, көздердің қызаруы, былшықтануы, ұртта ақ дақтардың пайда болуы, шамамен 3-4 күнде бөртпенің пайда болуы байқалса, дереу дәрігерге қаралу керек.

Дегенмен, аурдың алдын алуға болады. Ол – екпе. Біздің елімізді 1 және 6 жастағы балаларға алдын ала ҚР Ұлттық күнтізбесіне сәйкес, қызылшаға қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, қандай да бір себептермен аталған жас мөлшерінде егілмей қалған балалар мен ересектерді қызылша ауруымен байланыста болған жағдайларда шұғыл иммундау шаралары да жолға қойылған. Халық үшін ең қолайлысы бұл екпенің тегін жүргізілуі.

Екпеден бас тартқанмен, жұқпалы ауру адамнан, әсіресе, балалардан бас тартпайды. Оның үстіне елімізде екпенің мемлекет есебінен тегін жүргізілетіндігін ескерсек, берілген мүмкіндіктен бас тарту – жұқпалы аурумен сырқаттануға алғышарт емес пе? Өзіңіз бен ұрпағыңыздың денсаулығы мен өміріне немқұрайлы қарамаңыз. Ойланыңыз!

А.Қосымбаева,

Индер аудандық ҚДС басқармасының бөлім басшысы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика