Бір тәулікте Атырауда 1953 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

4 мамырдағы дерек бойынша "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентін 1953 жергілікті тұрғын алды.

Оның ішінде 172 медицина қызметкері, 316 педагог, 12 полиция қызметкері, 24 студент, 29 жабық мекеме қызметкерлері, 56 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 69 мемлекеттік қызметкер, 8 созылмалы аурумен ауыратындар, 1267 жергілікті тұрғындар бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 4 мамыр аралығында "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентімен 33643 адам вакцинацияланды. II компонентпен 9612 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 36 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті ашылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521