атқарып, бағаны да бірқалыпты ұстауды алға тартқан. Демек дәріхананың халыққа «нұр» жаудырғаны рас-ау. Аудан жұртына танытқан жанашырлықтың арты әлбетте шексіз жақсылыққа, толағай табысқа кенелтетіні ақиқат. Сәуірдегі алапат тасқын мезгілінде де қаламызға өзге аймақтардан келген сарбаздарды дәріхананың үшінші нүктесі суға кеткеніне қарамастан қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, олардың сырқаттанып қалмауы үшін үнемі байланыста болғандарының өзі бұған айрықша дәлел болмақ. Қарапайым қауымның көңілінен шығып, жылыойлықтардың сұранысын жауапсыз қалдырмайтын кәсіптің иесі Айдын Байғалиұлы өз сөзінде: -2020 жылы бірінші, 2021 жылы екінші дәріханамызды аштық. 2023 жылы халықтың сұранысы бойынша 4 ауылдан орталықтың үшінші нүктесін ашуға жоспар қойғанбыз. Еліміз бойынша шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде 20 жылдық тәжірибесі бар «Даму» Қорымен бірлесе отырып, бұл жоспарды 2023 жылдың қыркүйек айында жүзеге асырдық. Келіншегім осы жерде фармацевт қызметін атқарып, барлық жұмысты өз қадағалауынан өткізіп отырады. Ал өткен 2024 жылы дәріхананың келесі нүктесін 5 ауылдан ашуға шешім қабылдап, ол дәріханамыз жуырда ғана, яғни 2025 жылы қаңтар айында ресми ашылды. Өздеріңіз білетіндей, ауданымызда 24 сағат үзіліссіз жасайтын дәріханалар аз. Біздің дәріханалар желісін көптеп ашуымыздың бірден-бір себебі де осы. Және кәсіпкерлік біліктілігімізді шыңдап, сауда саласында тәжірибе жинағымыз келеді. Бұл тұста «Даму» Қоры байқауынан алған біліміміз кәсібімізді одан әрі ілгерілетіп, жетістіктер көзін ашқанын айта кеткенім жөн шығар. Себебі біз күтпеген жетістіктің бірі «Сауда саласының үздігі» марапаты еді,-дейді ол. ол. Бүгінде жанұя 2 ұл мен 2 қыз тәрбиелеп отыр. Алдымен отбасының амандығын, одан кейін Отанының амандығын тілейтін кәсіпкер аудан жұртының ауырып-сырқаттанбауына тілекші. Ал дәріхана іздеген жандарға уақыттың қай бөлігінде де есігін айқара ашып, олардың қалаған өнімін өзіне жақын жерден табуы үшін барын салуда. Ең бірінші қолжетімді баға, екінші мол таңдау, үшінші жақын орын кәсіп иесінің формуласына айналғандай. Себебі ауданымыз үшін маңызы зор ғимараттың бір емес төрт жерден ашылуы оңай дүние емес екенін сіз бен біз жақсы білеміз. Оның артында қаншама еңбек пен тынымсыз күндер, адал аққан тер жатыр. Қазіргі таңда кәсіпкер әр дәріхана бойынша 7 жанға қызмет ұсынған. Олардың 6-уы фармацевт, 1-еуі санитарлық қызмет көрсетуші болып жұмыс атқарады. Ауданға қажетті ғимарат тұрғызып қана қоймай, қаншама адамға қызмет ұсынған кәсіпкердің ағымдағы жылға жоспары тек 4 дәріхананың тізгінін берік ұстау екен. Ендеше үлгілі отбасыға сәттілік тілеп, кәсіптерінің алға басуына тілек білдіреміз! Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ
Бес жылда төрт дәріхана
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- 76