Қалай айтсақ та қамданбасақ болмайды. Себебі, коронавирустың күллі әлемді ауырта алатынын аңғардық. Мұндайда ең алдымен әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті.
Қажетті азық- түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттарыныздың қорын үйіңізде жасақтап алып, көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн. Үй жағдайында әр жанұя, әр тұрғын өзін-өзі оқшаулауы қажет. Мемлекетіміз үй жағдайында отырып, электронды қызметтерді пайдалануға барлық мүмкіндікті жасап қойды.
Сондықтан бүгінгі күні әрбір саналы азамат, әрбір жанұя, ата-аналар балаларыңыздың жүріс-тұрысын шұғыл арада шектеңіз. Неге десеңіз жолға шығу, көпшілік арасына бару, туған күнді атау, туған күнмен құттықтай бару, көрісе бару, қол алысып, құшақтасып, бет жанастырып амандасу адамдар арасында вирустың өршуіне жол ашады.
Коронавирус індетінің көзін жойғанша, басыңызды изеп немесе қолыңызды жүрек тұсынызға қойып сәлемдесуге көшейік, бұл адамның бір - біріне деген ізеттілігі мен ол адамның аса мәдениеттілігін білдіреді деген ойдамын.
Аурушаңдықтың потенциалы жоғары қалалардан келген жерлестер түсіністік танытып,, 14 күнге дейін өздеріңізді қатаң қадағалап, адам көп жиналған жерлерден алшақ болып, үй жағдайында отыруларыныз сұралады.
Аудан тұрғындары, әрқайсымыздың денсаулығымыз өз қолымызда екенін ұмытпайық.
Анар ДОСПАЕВА,
Индер аудандық маслихат депутаты,
Денсаулық сақтау ісінің I санатты ұйымдастырушысы