Ағымдағы жылдың 13 қараша күні “Таза Қазақстан” тұжырымдамасын іске асыру аясында, ауылдық округтердің тазалығын сақтау, көріктендіру және абаттандыру мақсатында Исатай ауданында «Үздік көше – 2025» және «Таза аула» аудандық байқауы ұйымдастырылды. Шараны аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі өткізді.
Байқауға 20-дан астам өтінім қабылданып, қатысушылар «Таза көше», «Көрікті көше», «Тарихи көше» және «Таза аула» номинациялары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Жеңімпаздарды әділ әрі ашық түрде анықтау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ж.Жанұзақовтың төрағалығымен комиссия отырысы өткізіліп, бейнероликтер мен материалдар мұқият бағаланды.

Байқаудың қорытынды марапаттау рәсімі Жанбай мәдениет үйінде өтіп, онда үздік деп танылған қатысушылар аудан әкімі Н. Мусиннің қолынан арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар алды.

Бұл бастама — ауылдық округтерде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және елді мекендерді көркейтуге бағытталған маңызды қадам.



