Энергетика саласын дамыту мен электр қуатының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса мән берілуі өте орынды. Өйткені тұрақты электр энергиясы – өндіріс, ауыл шаруашылығы және халықтың күнделікті тұрмысы үшін аса маңызды.
Ауылдық жерлерде жарықтың жиі сөніп қалуы немесе кернеудің төмендігі тұрғындарға қиындық тудырады. Бұл тек тұрмыстық мәселе емес, шағын кәсіпкерлік пен әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмыс істеуіне де әсер етеді. Сондықтан электр желілерін жаңарту, жаңа қуат көздерін іске қосу – кезек күттірмейтін міндет.
Жолдауда айтылған жаңартылатын энергия көздерін дамыту, электр инфрақұрылымын жаңғырту шаралары елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді деп сенемін. Электр қуаты тұрақты болса, экономика да дамиды, халықтың өмір сапасы артады.
Қайрат Исагалиев
жеке кәсіпкер


