Жаңа өндірістер іске қосылып, бұған дейін ел аумағында өндірілмеген тауарлар шығарыла бастады: Премьер-министр жаңа өнеркәсіптік жобалардың тізбесін пысықтауды тапсырды

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында өңдеу өнеркәсібіне тың серпін беру ісінің маңыздылығын атап өтті.

Бұл бағытта қазірдің өзінде оң нәтижелер бар, біз оларды жуырда Үкімет отырысында қарадық. Биыл жаңа өндірістер іске қосылып, бұған дейін ел аумағында өндірілмеген тауарлар шығарыла бастады.

Өнеркәсіп министрлігіне өңір әкімдерімен бірлесіп, жыл соңына дейін келесі жылға арналған жобалардың жаңа тізімін қалыптастыруды аяқтауды тапсырамын.

Жобаларды қаржыландыру инвесторлардың өзара міндеттемелері негізінде жүзеге асырылуы тиіс», 
— деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Өнеркәсіп, Қаржы министрліктері «Самұрық-Қазына» қорымен және Монополияға қарсы ведомствомен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу аясында ұқсас импорттық тауарларды алып тастау мәселесін пысықтауы тиіс. Бұл отандық тауар өндірушілерге қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ инвестиция көлемі, жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігінің өсуі, локализацияны тереңдету, технологиялар трансфері, сондай-ақ экспорттық әлеует пен салық түсімдерін арттыру көрсеткіштерін назарда ұстау қажет.

📱 @KZgovernment

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT