Тәуелсіздік - тұғырым

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының мәжіліс залында бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенді партияластарға арналған мерекелік құттықтау шарасы өтті.

 

Мерекелік жиында партия жұмысына белсене атсалысып жүрген 7 бастауыш партия ұйымының төрағасы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресовтің Алғыс хатымен марапатталды.

 

Шара барысында «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының төрағасы Ақжібек Сабырғалиева сөз алып, қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 

-Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық арманын жүзеге асырған, ел бірлігі мен тұрақтылығының берік негізі. Осы жолда бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен еңбегі ерекше. Сіздердің ел мүддесі жолындағы қажырлы қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – Ақжібек Керімбайқызы.

 

Салтанатты шара соңында бірқатар партия мүшелеріне алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT