Арзандатылған сиыр етін ірі сауда желілері арқылы сату тәжірибесін бүкіл ел аумағында кеңінен қолданған жөн — Олжас Бектенов тапсырмасы

Премьер-министр Олжас Бектенов салалық ведомстволар мен әкімдіктерге ет өнімдері бағасын тежеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Азық-түлік инфляциясының өсуіне ет және ет өнімдері бағасының үлесін ескере отырып, Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер аталған өнімдердің бағасын тежеуге ерекше назар аударуы қажет.

Сонымен қатар Астана қаласындағыдай, арзандатылған сиыр етін ірі сауда желілері арқылы сату тәжірибесін бүкіл ел аумағында кеңінен қолданған жөн», 
— деп атап өтті Премьер-министр.

📱 @KZgovernment

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT