Хабарландыру

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет жүйесінде жекелеген басшылық лауазымдарға кәсіби тәжірибесі мен тиісті білімі бар менеджерлерді конкурссыз тәртіппен қабылдау мүмкіндігі көзделген.

📢 Осыған орай, Департамент салалық бағыттар бойынша басшылық лауазымдарға ниет білдірген Атырау өңірі азаматтары арасынан ізденушілер пулын қалыптастыруды қолға алмақ.

 

📌 Атап айтқанда, «гигиена және өндірістегі еңбекті қорғау», «геология», «биологиялық және сабақтас ғылымдар», «қоршаған ортаны қорғау», «агрономия», «су қорлары және суды пайдалану», «орман және су шаруашылығы», сондай-ақ «өндірістік және өңдеу салалары» бойынша тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар үміткерлердің түйіндемелері қарастырылады.

 

🔸️ Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 

1️⃣ жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

 

2️⃣ жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

 

3️⃣ осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

📢 Белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтар өз түйіндемелерін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электрондық мекенжайына жолдай алады.

 

Ұсынылған кандидатуралар бойынша міндетті түрде кері байланыс орнатылатын болады.

 

🔸️Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7122) 52-28-15 телефон нөміріне хабарласу арқылы біле аласыздар.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі / Агентство РК по делам госслужбы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT