Жемқорлықтың ел дамуына үлкен кедергі екенін жақсы түсінемін. Ауылда әрбір мемлекеттік қолдау, субсидия, жұмыс орны мен әлеуметтік көмек халыққа әділ жетуі тиіс. Өкінішке қарай, кей жағдайда таныстық пен жеке мүдде алдыңғы орынға шығып кететіні жасырын емес.
Жемқорлық ең алдымен қарапайым халықтың сенімін жоғалтады. Ауылдың өркендеуі үшін адал еңбек пен ашықтық қажет. Егер бөлінген қаржы өз мақсатына жұмсалса, жолымыз жөнделіп, мектеп пен аурухана жағдайы жақсарып, жастарға мүмкіндік көбейер еді.
Сондықтан әрбір ауыл тұрғыны заңды құрметтеп, әділетсіздікке бейжай қарамауы керек деп ойлаймын. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана жемқорлықты жеңіп, болашағы жарқын, әділ қоғам құра аламыз.
Т.Беккалиев
ауыл тұрғыны


