16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай аудандық кітапханада «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім!» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Шараға кітапхана оқырмандары, М.Әуезов атындағы орта мектептің 3 «а» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Сатанова Айтолқын Қанатқызы қатысты.
Шара мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысы: Кеш ҚР әнұранымен басталып, тәуелсііздік туралы бейнеслайд көрсетіліп, оқушылар тәуелсіздікке арналған өлең жолдарын жатқа айтты. «Тәуелсіздік жолында» атты бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте Қазақстанның Тәуелсіздікке жету жолы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтары, елімізідң бүгінгі жетістіктері көрсетілді. «Менің Қазақстаным», «Ұландар маршы» әндерін шырқады, қыздар тобы «Қамажай» биін мың бұрала биледі. Оқушылар әріптермен сөз құрап жазып, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтты, викториналық сұрақтарға жауатарың айтты. Желтоқсан құрбандарына арналған буклетпен және«Қазақстан – ақ бесігі қазақтың» атты кітап көрмесі жасақталып, таныстырылым жүргізілді .


