Үкімет шығыстарға бақылауды күшейтуде: Олжас Бектенов жобалардың қымбаттауына жол бермей, оларды шарттық сомалары шегінде жүзеге асыруды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бюджет қаражатын уақтылы игеру мәселесі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаржылық тәртіпті күшейтулері қажет екенін баса айтты.

«Барлық жоспарланған бюджет қаражаты қатаң түрде бекітілген бағыттар бойынша бөлініп, игерілуі тиіс.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өз міндеттемелерінің орындалуына талдау жасап, бюджет қаражаты үнемделген жағдайда, оларды неғұрлым басым міндеттерге немесе Үкімет резервіне қайта бағыттауды тапсырамын.

Әкімдіктер бюджеттегі артық қаражатты даму бюджетін кеңейтуге пайдалана алады.

Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жобалардың қымбаттауына жол бермей, оларды шарттық сомалары шегінде жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс», 
— деп атап өтті Премьер-министр.

📱 @KZgovernment

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT