"Тәуелсіздік- тұғырым" атты тарихи танымдық кеш өтті

 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай

Индер аудандық орталық кітапханасымен Индер аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен

«Тәуелсіздік – тұғырым» атты тарихи-танымдық кеш өтті.

 

Шараның арнайы қонақтары – Желтоқсан оқиғасына қатысқан Гүлнар Исламғалиқызы мен Үмбетова Дариға сол бір тарихи сәттерден естеліктерімен бөлісті.

 

Кеш барысында жергілікті ақын Самиғолла Ғалым Желтоқсан тақырыбындағы өз шығармасын оқып, тағылымды ой айтты.

Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Бекетов Бірлес пен Бақберген Берікқалиұлы көркемсөз оқып, кеш мазмұнын тереңдете түсті.

 

Экраннан Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздікке арналған бейнероликтер көрсетіліп, аудандық кітапхана мен мәдениет үйінің жастары «Желтоқсан желі» әнін шырқады.

 

Шара аясында «Тәуелсіздік – тірегім» атты кітап көрмесі жасақталды.

Кеш соңында қонақтармен естелік суретке түсіп, тағылымы мол кездесу жоғары деңгейде қорытындыланды.

 

✨ Тәуелсіздік – елдігіміздің мәңгілік тұғыры!

 

#Тәуелсіздіккүні #ТәуелсізҚазақстан #Тәуелсіздіктұғырым

#Индер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT