Ауыл шаруашылығын дамыту – ел қауіпсіздігінің кепілі

Президенттің Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуі – уақыт талабы. Себебі ауыл шаруашылығы тек экономика саласы ғана емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі тірегі. Өз өніміміз мол болса, халықтың тұрмысы тұрақты, мемлекет тәуелсіздігі берік болады.

Ауылда еңбек етіп отырған шаруаларға қолдау күшейсе, жер тиімді игеріліп, өнім көлемі артады. Суару жүйесін жаңғырту, техникамен қамтамасыз ету, субсидияны әділ бөлу – ауылдың ең өзекті мәселелері. Бұл шаралар іске асқанда ғана ауыл жастары туған жерінде қалып, еңбек етуге ынталанады.

Ауыл шаруашылығы дамыған ел – сыртқы тәуелділіктен азат ел. Сондықтан Жолдауда айтылған бастамалар толық орындалып, ауыл еңбеккерлерінің жағдайы жақсарса, бұл бүкіл елдің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына оң әсерін тигізеді.

Қайрат Исағалиев

жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT