Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Жекешелендірудің жаңа жоспарындағы активтердің жартысына жуығын 2026 жылы жүзеге асыру жоспарлануда

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарға сәйкес, кәсіпкерлік бастаманы кеңейту және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шарттарының бірі мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету екенін атап өтті. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш ЖІӨ-ге шаққанда 13,7%-ды құрап отыр.

«Биыл Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру аяқталады.

Оңтайландырудың 2030 жылға дейінгі жаңа жоспары бекітілді. Онда отын-энергетика, өнеркәсіп, көлік және байланыс салаларындағы, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік компаниялар қамтылған.

Әкімдіктерге, мемлекеттік органдар мен компанияларға жаңа жоспарға енгізілген активтердің кем дегенде жартысын 2026 жылы сатуды қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстарды қазірден бастауды тапсырамын»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңсеге тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оңтайландырумен қамтылмай қалған салаларға талдау жүргізуді жалғастыру тапсырылды.

📱 @KZgovernment

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT