Бірлігіміз жарасып, індетті бірге жеңейік!

Қазіргі таңда елімізге төнген аса қауіпті Ковид-19 жұқпасы Көктоғай ауыл тұрғындарын да алаңдатып отырғаны рас. Қазір бізге, тұрғындардың, карантиндік жағдайды тиісінше қабылдап, мемлекеттік шарттарды бұлжытпай орындауы өте маңызды.

Демек дәл қазіргідей сәтте әр азамат ұрпағын, болашағын ойласа төтенше жағдай талаптарын бұлжытпай орындап, темірдей тәртіпті сақтай білуі тиіс. Қазір негізсіз ақпараттар да көп.Туғандарына тасадан тас ататын ездердің, тажал вируспен алысып жатқанда, бар ниеттері осы сәтті пайдаланып, сүттей ұйыған елдің ішіне іріткі салу. Алайда ақ пен қараны ажырата алатын елдестеріміз ондай қара ниеттілердің қаңқу сөздеріне еріп кетпесіне кәміл сенемін. Қаншама жомарт жандар таршылық көргендерге қол ұшын беріп, қайырымдылық жасауға асығуда.

«Біз біргеміз» деген қарапайым хештег бұл күндері ұлттық ұранға айналғандай. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады » деген қазақ мақалымен, ауыл тұрғыны ретінде «Бірлігі жарасқан ел» болып, әлемге төнген осы дертті біріксек қана жеңеміз деп ойлаймын. Бірлесе білсек,елім деген ерлеріміздің ісіне қолдау танытып, тәртіпке бағынып, бір алақанның аясында жұмыла білсек, алмайтын қамалымыз болмайды, кезкелген індетті жоюға әліміз жетеді деген ойдамын! Сабырлық сақтап, үйден шықпауға, санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын! Өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін үйде болыңыз! Бір болайық, бірлікте болайық,бауырлар!

Бұл індетті бірге жеңеміз!

Құлшықов Мұрат

Индер ауданы

Көктоғай ауылдық округінің ардагерлер

кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521