Шілде айынан бастап аутизм диагнозы қойылған балаларға психиатрдың сараптамасымен санаторлы-курорттық шипажайға жолдама беріледі. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамутды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Осыған дейін аутизммен ауыратын балалар шипажайға жолдамамен қамтылмаған болатын. Енді, ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік қолдау шарасы бойынша ата-аналардың ұсыныстары ескеріліп, жолдамамен қамтылатын болды. Сонымен қатар, баланың жанында еріп жүретін ата-анасына мемлекет тарапынан қаржысы төленетін болады. Қазір, облыста қажетті қаржы қарастырылуда, - деді А.Мәмбетов.
Бұдан бөлек, сирек кездесетін «Spina bifida» диагнозы бар науқастар республикалық бюджет есебінен катетермен қамтылатын болады.