Атырауда жұқпалы аурулар ауруханасының медбикелері қонақ үйлерге орналастырылады

Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова №2 Атырау облыстық ауруханасының (инфекциондық стационар) жұмысымен танысты деп, хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникация қызметі.

Оның сөзінше, медицина қызметкерлерінің ерен еңбегі аймақ басшысының айрықша назарында. Дәрігерлердің қауіпті вирустың таралмауы мен науқастарды емдеу жолындағы ерен еңбегіне арнайы алғысын білдірді. Қонақ үйлерді алу оңайға соқпаған. Көптеген кәсіпкерлер ат-тондарын ала қашқан. Соған қарамастан, облыс басшылығы бизнес өкілдерімен жүйелі келіссөздер жүргізу арқылы дәрігерлерге жағдай жасауға қол жеткізген.

- Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, дәрігерлерге қолайлы жағдай жасау үшін оларды «Шағала» қонақ үйіне орналастыру үшін шешім қабылданды. Мұнда 200 медициналық қызметкер қоныстана алады. COVID 19 – ға қарсы күресте алдыңғы шептегі адамдар күн сайын науқастарға көмек көрсету үшін өз білімі мен күш-жігерін жұмсайды. Біздің міндетіміз, оларға қиын кезекшіліктен кейін қалыпты жағдайда демалуға мүмкіндік жасау, - деді Бақытгүл Хаменова.

Бүгіннен бастап 63-ке жуық дәрігер, жұқпалы аурулар ауруханасының медбикелері, облыстық аурухананың 70-ке жуық медициналық қызметкері қалаулары бойынша "Шағала" қонақ үйіндегі жайлы орындарға орналастырылады. Сондай-ақ, ақ халаттыларға "Дана" және "Престиж"қонақ үйлерінен де қосымша керуеттер дайындалған. Облыс әкімінің орынбасары сонымен қатар ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес өңірдегі медициналық мекемелерде санитарлық талаптар күшейтілетінін атап өтті.

- Науқастармен байланыста болатын дәрігерлердің қауіпсіздігі үшін аурухана ғимаратын таза және лас аймақтарға бөлу қажет. Бейнебақылауды қамтамасыз ету үшін өңір ауруханаларында бүгінде 100-ге жуық бейнекамералар орнатылған. Басты талап - олардың санын арттыру. Сондай-ақ, Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің талаптарына сәйкес эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін басқа да бағыттарды күшейту қажет, - деп атап өтті Бақытгүл Хаменова.

Президенттің тапсырмасына сай медицина қызметкерлерін қолдау Атырау облысында да жүзеге асырылуда. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеп жатқан барлық дәрігерлер үстемақыларын толық көлемде алды.

Сурет:дереккөз

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика