Атырауда әкімдік қызметкерінен коронавирус табылды

Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкері 7 маусымда ЖРВИ белгісімен медициналық көмекке жүгініпті. Алайда, одан алынған зертханалық сынамалар қорытындысымен коронавирус инфекциясы табылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

 "Әлеуметтік желілерде Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің карантинге жабылғаны туралы тараған ақпарат жалған.Қазір аталған бөлім күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимге сай қашықтан жұмысын жалғастыруда.Ал, науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр",- деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Сондай-ақ, ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT