Атырауда эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады

Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді.

Облыста балалар арасында жедел респираторлық вирустық жұқпаның өршуі жоқ. Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жедел респираторлық вирустық жұқпамен отызға жуық бала ем алып жатыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар аурханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешованың сөзіне сілтеме жасап.

«Балалар «COVID-19» жұқпасын жеңіл жағдайда өткерді. Клиникалық белгілері де аса қатты білінген жоқ. Асқыну,өлім-жітім тіркелмеді. Қазір түгелдей жазылып, ауруханадан шығарылды», - деді Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешова.

Оның айтуынша, жедел респираторлық вирустық жұқпаға қатысты маусымдық ахуал тұрақты. Вирустық жұқпалы аурулар өрши қалған тұста №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрімен толықтай қамтылған.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейінгі мәліметке сүйенсек, жұқпалы аурулар ауруханасында «COVID-19» жұқпасымен отыз бала ауырып, емделіп шықты.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика