Атырауда бір тәулікте 535 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

18 сәуірдегі мәлімет бойынша, Спутник V вакцинасының I компонентін 535 жергілікті тұрғын алды.

1 ақпан мен 18 сәуір аралығында "Спутник V" I компонентімен 14705 адам вакцинацияланды. II компонентпен 3291 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды.

Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады.

Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа "Спутник V" вакцинасының 15 200 мың дозасы келіп түсті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521