Атырауда бір тәулікте 60 адам COVID-19 жұқтырды

Атырауда бір тәулікте  60 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау қаласында - 45,

Теңіз кенішінде - 2,

Жылыой ауданында - 3,

Индерде - 1, 

Исатай ауданында - 3, 

Қызылқоғада - 2, 

Махамбет ауданында - 1,

Құрманғазыда - 2, 

Мақат ауданында - 2.

Коронавирустық инфекциясы  бар  36 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.  

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  53 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта  339 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 112, №2 облыстық ауруханада -99, фтизиопульманологиялық орталықта -10, аудандық инфекциялық стационарларда – 65  адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 39 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта қалып отыр. 

azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT