Жасанды интеллект, құқықтық, қаржылық және цифрлық сауаттылық тақырыптарында кездесулер өтті

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, "Дендер" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "TalaptanInder" жобасы аясында Индер ауданының 14 пен 35 жас аралығындағы жастарымен Жасанды интеллект, құқықтық, қаржылық және цифрлық сауаттылық тақырыптарында кездесулер өтті. 

Кездесуде әр сала мамандары жастармен теориялық және практикалық жұмыстар жүргізді. Мақсат – жастардың құқықтық, цифрлық және қаржылық мәдениетін арттырып, кез келген жағдайда өз мүддесін заң аясында қорғай алуға дағдыландыру.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT