Индерде облыстық дода аяқталды

Атырау облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада Индер ауданында өтті. 

Сайысқа облыс және барша аудан әкімдігінің командалары шағын футбол мен баскетболдан сынға түсті. 

Шағын футболдан спорт кешенінде өткен дүбірлі додада Құрманғазы ауданының командасы жеңімпаз атанды.Олар финалда облыстық әкімдіктің командасын 3:1 есебімен қапы қалдырды. Ал қола жүлде Мақат ауданы командасына бұйырды. Топтық ойындарда сәтті өнер көрсеткен жергілікті Индер ауданы командасы финалдық кезеңде сәтсіздікке ұшырап, жүлделі орында сәл жетпей қалды. 

 

Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дәурен Сағынғалиевтан білгеніміздей, баскетболдан жігіттер арасындағы сында Атырау облысы әкімдігі командасының мерейі үстем болды. Жүлделі орындарды Қызылқоға мен Исатай ауданы командалары иеленді. 

Қыздар арасында облыс әкімдігінің командасына ешкім тең келмеді. Ал күміс пен қола Индер және Исатай ауданы командалары еншісінде. 

Жарысты Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзин қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медальдарын табыс етті. 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT