«Қауіпсіз жол» іс-шарасы: Атырауда мектеп автобустарының қысқа дайындығы тексерілуде

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Атырау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 18-23 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында Атырау қаласы полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері мектеп автобустарының қысқы маусымға дайындық деңгейін тексерді. 


Тексеру барысында полицейлер көлік құралдарының техникалық жағдайын, дөңгелектердің қысқы талаптарға сәйкестігін, жылыту жүйесінің жұмысын, алғашқы көмек қобдишасының толықтығын және өрт сөндіргіштердің жарамдылығын қарады. Сонымен бірге жүргізушілердің құжаттары, жол жүру қауіпсіздігі талаптарын сақтау деңгейі мен оқушыларды тасымалдау ережелері де бақылаудан өтті.

Полиция қызметкерлері қыс мезгілінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұндай тексерістердің маңызы зор екенін атап өтті. Олар мектеп әкімшіліктеріне және тасымалдаушы ұйымдарға балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT