Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы басталды

Атырау облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада Индер ауданында басталды. 

Жарыстың ашылу салтанатында Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзин  сөз алып,  достыққа дәнекер және  саламатты өмір салтын қалыптастыруға  үлес қосып жатқан барша қатысушыларға  алғысын білдірді. 
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласының  ардагері Серікқали Жұқиев  пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы, жерлесіміз  Нұрберген Құсайынов ақ тілектерін арнап,  сайыскерлерге жеңіс тіледі. 

Жарысқа Атырау облысы әкімдігінен бастап, облыстағы барша аудан командалары сынға түсуде. 


С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT