Қарапайым маман, үлкен жауапкершілік

Ауданның дамуы кейде үлкен жобалармен, кең көлемді жоспарлармен өлшенетіндей көрінеді. Бірақ шын мәнінде, сол жобалардың жүзеге асуына тыныш қана өз ісіне беріліп еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандардың үлесі орасан. Қай істің де берекесі – маңдай тер мен адал еңбекте. Сол еңбектің жарқын мысалының бірі – дәнекерлеушілер.

Дәнекерлеуші – көзге елене бермейтін, бірақ ісінің салмағы өте ауыр мамандық. Қауіпсіздік пен сапаны қатар талап ететін бұл жұмыс бір сәттік мұқияттықты да кешірмейді. Ауданымыздағы құрылыс нысандарының берік болуы, өндіріс орындарының қалыпты жұмыс істеуі, тұрғындардың қауіпсіздігі – осы мамандардың қолының шеберлігі мен жауапкершілігінің нәтижесі. Темірді балқытып біріктіру – тек техникалық процесс емес, ол – ерік-жігерді, төзімділікті, үлкен тәжірибені қажет ететін еңбектің нағыз үлгісі.

 

Сондықтан дәнекерлеуші секілді қарапайым еңбек адамдарын құрметтеу – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Олар – ауданның тынысы, дамудың көрінбес тіректері. Еңбегімен елге үлгі болған осындай азаматтарға алғыс білдіру – еңбекті бағалайтын қоғамның белгісі. Адал еңбекке бас ию – болашаққа деген сенімнің нышаны.

 

 

 

Б.БӨЛЕКҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT