Президенттің биылғы Жолдауында көтерілген басты бағыттардың бірі – елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл — тұрғындардың денсаулығына, өмір сапасына және ауылдардың дамуына тікелей әсер ететін аса өзекті мәселе.
Қазіргі таңда бірқатар өңірлерде ауыз су жетіспеушілігі байқалады. Сол себепті Жолдауда су инфрақұрылымын жаңғырту, тозығы жеткен құбырларды ауыстыру, жаңа су көздерін ашу және ауылдарға су тарту жұмыстарының қарқынын арттыру тапсырылды.
Тұрғындар бұл бастаманы қуана қолдап отыр. Өйткені сапалы ауыз су – әрбір отбасының күнделікті қажеттілігі және азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартудың негізгі көрсеткіші.
Жолдауда көрсетілген міндеттер уақытылы орындалса, ауыл мен қала арасындағы инфрақұрылымдық алшақтық азайып, халықтың әл-ауқаты арта түсері сөзсіз.

