Жастар – Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға дайын

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы жастар қауымына ерекше серпін берді. Жолдауда айтылған білім сапасын арттыру, жас мамандарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыруға қатысты бастамалар – жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Бүгінгі жас буын жаңашылдыққа жақын, өз әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылады. Сондықтан да Жолдауда көрсетілген бағыттарды қолдай отырып, олар ел дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін білдіруде.

Жастардың пікірінше, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары олардың кәсіби өсуіне, елге пайдасын тигізуіне, жаңа бастамаларға батыл қадам жасауына мүмкіндік береді.

Жолдау – тек тапсырмалар жиынтығы емес, болашаққа бағытталған бағдар. Ал сол болашаққа бастайтын негізгі күш – жалынды жастар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT