БЕЙБІТ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАДЫ

Шынында да бейбіт елге бақ қонатыны сөзсіз. Міне, осы орайда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыртқы саясатқа аса жауапкершілікпен қарап, әлемдегі азулы ел басшыларымен тең дәрежеде сөйлесіп, келіссөздер жүргізіп жүргеніне ел куә.

Мұның бәрі қазақ елінің болашағы үшін маңызды, әрине. Президентіміздің бұл сарабдал саясатына ауылдағы ағайын да дән риза. 

Мұны Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Индер аудандық "Дендер" газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин жұмыс сапарымен Көктоғай ауылдық округінде болып, кітапханада сайлаушылармен кездескенде анық байқадық. Халық қалаулысы Мемлекет басшысының шетелдерге сапары, халықаралық дәрежеде атқарып жатқан ісі, елдегі реформалардың жемісі туралы айта келе, "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалысына да тоқталды. 

Кездесуде ауыл шаруашылығы саласының ардагері Қуанышкерей Сүлейменов ақпарат құралдары арқылы Президент бастамаларымен танысып, риза болып отыратынын және де ауылға қатысты ой-пікірінде айтты. Сондай-ақ зейнеткер Мырзахан Егінбаев Президент айтқан еңбек адамдарын дәріптеуді әлі де жалғастыру керек екенін, еңбек ардагері Бақытжан Хайруллин жастарды кітап оқуға баулу қажет екеніне тоқталса, өзге де басқосуға келгендер пікірлерімен бөлісті.

 Жиыннан кейін облыстық мәслихат депутаты азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады.

Мұнан соң депутат округте бой көтеріп жатқан Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаев атындағы мектеп жапсаржайы мен денешынықтыру және сауықтыру кешенінде болып, құрылыс барысымен танысты.

С.КӨШЕКОВ,

Сурет түсірген автор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT