Елорда Софияға қол соқты

Елорда төрінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының марапаттау рәсімінде Атырау облысының  намысын қорғаған М.Әуезов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы София Пейчева жеңімпаз атанды.


Бұл жоба – Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен деді “Қоғамдық келісім” КММ  жүзеге асырылатын ерекше форматтағы байқау. Мақсаты – түрлі этностардың мемлекеттік тілді үйренуге ынталы жас өкілдерін қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және достықты нығайтуға үлес қосу.
Индерлік София Пейчева фестивальдің «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық бөліміне қатысып,  Қ.Мырза Әлидің сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Асыл әжем» әнін орындап, көрерменнің де, қазылар алқасының да көңілінен шықты. Ол байқаудың аудандық, облыстық кезеңінде оза шауып, республика төрінде марапатталып отыр. Оқушыны байқауға дайындаған жетекшісі Назгүл Есқайырованың да еңбегі зор екенін айта кеткен жөн. Бұл жеңіс ұлттық өнердің жас ұрпақ арасында кеңінен насихатталып, этнос өкілдерінің де қазақ мәдениетіне деген ықыласын көрсетеді.
 - Салтанатты марапаттау рәсімінде Софияға алғыс хат пен естелік сыйлықты ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов табыстады, - деді “Қоғамдық келісім” КММ аудандағы сарапшысы Мирдана Капезова. 
Биылғы жоба Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған. 
Айта кетейік, 2015 жылы бастау алған жобаға биыл 11 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысқан.
Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT