Буллинг – қазіргі күні кеңінен қолданылып жүрген термин. Ол қорқыту, біреуді кемсітіп, намысына тиетін сөздер айту мағынасын білдіреді.
Күш көрсету немесе агрессия арқылы адамның өзгені қорлауы, одан үстем, мықты екенін дәлелдеп, әлімжеттік көрсету әрекеттерін буллинг жасаушы өзінің мықты екенін дәлелдеу үшін жасайды.
Сөзбен, күшпен қорқыту – ол буллинг.
Қоғамда буллинг тек мектеп оқушылары арасында ғана болады деген пікір қалыптасып қалған. Негізінде кез келген жастағы адам буллингке ұшырауы мүмкін. Мысалы, жұмыс орнында, колледжде не университетте.
Буллингтің түрі көп. Мысалы, қазіргі күні бірнеше түрін жиі естіп жүрміз. Олар: сөзбен, күшпен қорқыту. Көп жағдайда сөз арқылы әлімжеттік көрсетіп алып, соңы күшке ұласуы мүмкін. Бұл жалпылама айтқанда бір адамның екінші адамға үстемдік көрсетуі. Бір адамның екінші адамға күш көрсетуі жақсы емес. Бұл заңмен қудаланатын жағдай.
Мұндай әрекет жасаған балаларда мінез-құлықтың, іс-әрекеттің бұзылысы болады. Олармен яғни жәбірленген баламен де, жәбір көрсеткен баламен де психологиялық-медициналық толық зерттеуден өтуі керек. 11-17 жас аралығындағы балалардың жыныстық бағыттағы әрекеттері қандай бұзылыстарға ұшырап жатқанын қарау керек. Осы жастағы балалар енді дамып, өсіп жатқандықтан олардың ағзасында үлкен физиологиялық өзгеріс болады. Сол себепті ата-аналар баласына барлығын ашық айтып, түсіндіруі керек. Қоғамда болып жатқан сұмдықтарға жол бермеу керек. Ал оның алдын алу деген не? Ол – балаға бәрін ашық айту, - деп түйіндеді ол өз сөзін.
педагог-психолог
Райгүл Сайлаубаева

