Атырау облысында қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмыстары туралы

Атырау облысында 2023 жылдың 2 наурыз – 4 желтоқсан аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 3914 жағдай тіркелді, оның ішінде 1332 жағдайда қызылша зертханалық жолмен дәлелденді, 408 жағдайда зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді, 2174 жағдайда зерттеу қорытындысы жұмыс барысында.

Зертханалық жолмен дәлелденген жағдайлар бойынша жағдайлардың басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп отыр (1119 жағдай-84%). Олардың ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 167 жағдай тіркелсе, 2-4 жас аралығындағы балалар арасында - 611 жағдай тіркеліп отыр.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысы негізінде қызылша инфекциясының облыс халқы арасында таралуының алдын алу мақсатында қызылшаға қарсы жаппай иммундау жұмыстары басталды. Қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттер: 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі, егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар, медициналық қызметкерлер.

2023 жылдың 4 желтоқсан айына облыс бойынша 7344 адам қызылшаға қарсы қосымша вакцина алды, олардың ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балалар арасында – 1035, егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар арасында - 4152, медициналық қызметкерлер арасында – 1559, сонымен қатар екпелерін уақытылы алмаған 598. Екпеден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ. Егу жұмыстары жалғасуда. Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика. Қолданыстағы қызылшаға қарсы вакцина Дүниежұзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз болып келеді. Сарсенғалиева Айнагүл Әділқызы Атырау облысының санитариялық-эпидемиогиялық бақылау департаментінің Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521